23.09.2023
  106


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Жылап тұрып осыны сұранамын

қтөбедегі оқиға)


 


 


 


 


Қанды қылық,


Сен кезеген қаруың қанша адамның,


Кеудесінен əкетті, жанды жұлып.


Енді сенде, өлімге бас иесің,


Тек артыңда қалады мəңгі былық.


 


Неге бұлай аздыңдар, үгілдіңдер,


Өзге емес, өзіңнің отаныңа,


Өз қолыңмен өлім-ап, жүгірдіңдер.


 


Бүтін күнде бір елді боздатқаның,


Жанға батты-ау, қайғының қозғап бəрін.


Жетімегін кім енді жұбатады,


Кешегі сен өлтірген, боздақтардың.


 


Неден аздың,


Бұл сұраққа кім жауап таба алады,


Мəңгүрт еткен, не сұмдық саналарды.


Бір Қазаққа атылған сыңар оғың,


Мың қазақтың жүрегін жаралады.


Кім жұбатар жесірін қыршындардың,


Кім сүйейді, сылқ түскен аналарды.


Кеше ғана, жер үшін атқа қонған,


Емес пе едің, қазақтың балалары.


Өз қолыңмен ұлтыңды буындырсаң,


 


 


Сырт елдің, алшы түсер сақалары.


Көшенің қанын жуып тазалармын,


Тарихтың бетін кімдер, жаба алады.


 


Ауырып тұр, жүрегім нала басып,


Ел емеспе ек, онсызда жарасы ашық.


Енді сендер жоқсыңдар, тарих тұрар,


Шындығы мен сұмдығы араласып.


Қазаққа аза туын түсіруге,


Қалай дəтің барды екен, қара басып.


 


Жылап алғың құлыншақ жылап алғың,


Қиындықтан қысылып, шығады əркім.


Енді сенің кеудеңде кек қалмасын,


Жылап тұрып, осыны сұранамын...


Жылап тұрып, осыны сұранамын...





Пікір жазу