23.09.2023
  76


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Бұл өлең

Көңілімде дүбірлейді көк дөнен,
Жүрек жалғыз, ойым — теңіз, от — денем.


Өлең үшін, өкпелеме қымбаттым,
Өлең үшін, кінə артқанды жек көрем!


 


Ғашықсың ба, ынтық етте, есімді ал.


Естай менен Қорландарды есіңе ал.


Қосылмаған үрметі үшін солардың,


Бұл өлеңнен ала алмаған, өшім бар.


 


Қара өлеңде Қазақтығым, тегім бар,


Арманым бар, шешілмеген шерім бар.


Мен анамды үлгермегем жыр етіп,


Соның үшін, бұл өлеңде кегім бар!


 


Тең емеспін, тіліп түсер жасынмен,


Егер, сүйсең артық жерін жасыр сен.


Бұл өлеңді, жазып жүрмін жарығым,


Жанарымның жылжып аққан, жасымен.


 


Дей алмаспын мына мені, кеш білді,


Қызғаныштан санаңа ой кеш кірді.


Есті өлеңнен алғанымша, есемді,


Сүйе алмаспын сүймейді екем ешкімді.


Жүрек соны кеш білді!





Пікір жазу