meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.09.2023
  1022


Автор: Туған күнге тілек

Жиенге туған күнге тілек

Құттықтаймын жиенжан,
Бүгін туған күніңмен.
Бақытты бол әрқашан,
Нұр төгіліп жүзіңнен.

Жарқырай түс жиенжан,
Алтын, күміс, лағылдай.
Сарқырай түс тоқтамай,
Өзендегі ағындай.

Бақ әкелсін жиенжан,
Жаңа жасың қуантып.
Барша адам таң болсын,
Бір өзіңе құмартып.





Пікір жазу