21.09.2023
  413


Автор: Туған күнге тілек

Құда туған күніңмен

Құда туған күніңмен,
Құттықтаймын өзіңді.
Күлімдей түс, шаттана,
Қырау шалмай жүзіңді.

Жастан жасқа жете бер,
Құдам менің алтыным.
Болсын дәйім қызықты,
Сәтті болып әр күнің!

Аман болып отбасың,
Бақ-береке орнасын.
Ырыс пенен ынтымақ,
Таба берсін жалғасын!





Пікір жазу