21.09.2023
925
Құтты болсын туған күнің ақ әжем!
Құтты болсын туған күнің ақ әжем,
Жаңа жасың сыйласын бар жақсысын.
Саулығыңыз мықты болсын ақ әжем,
Беріп Алла өмірдің ең тәттісін.
Күлімдесін аппақ жүзің ақ әжем,
Қуанышты күндеріңіз көп болып.
Әр күніңіз бақыт берсін ақ әжем,
Уайым-қайғы сізде әже жоқ болып.
Жастан-жасқа жетіңіз сіз ақ әжем,
Арайлы таң шуағымен тербелеп.
Амандықта жүрші әркез ақ әжем,
Біз жүрейік өзіңізге еркелеп...