21.09.2023
140
Бүгін сенің туған күнің
Бүгін сенің туған күнің,
Құтты болсын, тілерім.
Шын жүректен өзіңе,
Бар жақсыны тіледім.
Орындалсын арманың,
Мақсатыңа жол тартып.
Күн күлімдеп сен үшін,
Жылу төксін, арнатып.
Атар таңның шуағын,
Тілеймін шын жүректен.
Батар күннің сәттісін,
Шаттығымен тербеткен.