21.09.2023
  67


Автор: Туған күнге тілек

Бақ әкелсін жаңа жас

Құтты болсын қарағым,
Туған күнің кеп жеткен.
Бақ әкелсін жаңа жас,
Әр күніңді нұрлы еткен.

Қуанышың көп болсын,
Бақытты бол лайым.
Мықты болсын саулығың,
Жар боп саған Құдайым!

Шаттық орнап жүзіңде,
Қанаттарың талмасын.
Сәтті күндер көп болып,
Таба берсін жалғасын.





Пікір жазу