Отбасы күні
Отбасы күні — 15 мамыр күні әлемдік деңгейде аталып өтіледі. Яғни дәл осы аталмыш күн «Халықаралық отбасы күні» болып табылады. Отбасы —баға жетпес байлығың, қолдап жүрер қамқоршың, тілеулес болып жүрерін жанашырың. Солай емес пе? Сол себепті де арнайы күнді белгілеп, отбасы күні дегені өте дұрыс деген ойдамын. Отан отбасынан басталады демекші, саған қамқоршы отбасың барда сен мықтысың, сен сүрініп кетсең де ауырғанын сезбейсің. Өйткені сенің артыңда сені ештеңеге қарамастан қолдап жүрер отбасың бар, тіреуің бар. Біз осындай отбасымыз барына шүкір ете білуіміз керек. Сені ата-анаңдай қолдайтын, бауырларыңдай жанашырың жоқ. Өйткені бір жанұядан түлеп ұшқан бауырлар әрқашанда сені қолдап, жамандықтан қорғап жүреді. Отбасының ішіндегі адамдардың бірін-бірі риясыз қолдап жүруі, бір-біріне деген қамқорлық сезімдері, бір-біріне мейірімділікпен қарайтындары әрине бұл үлкен қуаныш, үлкен бақыт дер едім.
Отбасының әр мүшесі бірі жарық жұлдыз болса, бірі жылу берер күніміз, бірі түнде жарық айымыз солай емес пе?! Ата-анамыз бағымыз ғой, оларды құрметтеу, оларға ізет көосету әрбір баланың міндеті деп білем. Бауырларымыз қандай десеңізші, олар барда шаттығымыз бар, олар сүрінсең тұрғызатын, құласаң демейтін асыл жандар. Осындай жанымызға жақын асыл жандар аман болсын деп, баршаңызды бүгінгі отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасымыз аман болып, тыныш бейбіт заман болып бақыттың базарында, қыдырдың назарында болайық!