15.09.2023
183
Отбасының күнімен
Құттықтаймын сіздерді,
Отбасының күнімен.
Бар жақсыны тілеймін,
Арналған бұл жырыммен.
Аман болып отбасы,
Таймасын бақ басынан.
Балаларың білімді,
Болып өссін жасынан.
Шаңырақтың шаттығы,
Арта берсін күн сайын.
Отбасының күні бұл,
Шаттық сыйлап әрдайым.