15.09.2023
  176


Автор: Отбасы күні

Аман болсын отбасы

Аман болсын отбасы,
Сыйластығы көп болып.
Жаратқаным жар болсын,
Қиындығы жоқ болып.

Отбасының күнінде,
Бар жақсылық орнасын.
Шаттықты күн көп болып,
Бақыт тапсын жалғасын.

Отбасының қызығы,
Аман болсын балалар.
Ата-анасын қуантып,
Шыға берсін даналар!





Пікір жазу