15.09.2023
  491


Автор: Отбасы күні

Қуат берер отбасың

Қиналғанда демейтін,
Қуат берер отбасың.
Қуанғанда бір болып,
Шуақ болар отбасың.

Шаттығыңды асырып,
Қуантатын отбасың.
Жығылып сен сүрінсең,
Тіреу болар отбасың.

Қыста жылу беретін,
Қорғанышың отбасың.
Жазда беріп көлеңке,
Самал болар отбасың.





Пікір жазу