15.09.2023
  325


Автор: Отбасы күні

Отбасы ол қазына

Отбасы ол қазына,
Жарқырайтын алтындай.
Заңдары бар өзіндік,
Отыратын талқылай.

Отбасы ол қазына,
Көңілге күй беретін.
Бірін-бірі риясыз,
Сыйлап жақсы көретін.

Отбасы ол қазына,
Әуенімен тербейтін.
Қолдап әркез бір-бірін,
Жылы сөзбен емдейтін.





Пікір жазу