15.09.2023
  176


Автор: Отбасы күні

Отбасы бір мемлекет

Отбасы бір мемлекет,
Өзіндік бір заңы бар.
Сыйластық пен береке,
Сыйлар аппақ таңы бар.

Отбасы бір мемлекет,
Жұдырық боп жұмылар.
Қиындыққа дес бермей,
Түрлі болып құбылар.

Отбасы бір мемлекет,
Мейіріммен үн қатар.
Ән салғызып әуезді,
Әуенімен жырлатар.





Пікір жазу