15.09.2023
287
Отбасы ол жанұя
Отбасы — ол жанұя,
Бірге өмір сүретін.
Болса егер қиындық,
Бірге оны жеңетін.
Отбасы — ол ынтымақ,
Сыйластықты ту етер.
Той-думанда ортаны,
Хош иісті гүл етер.
Отбасының күнінде,
Ақ тілектер ағылар.
Бір әулет жандары,
Бір ортадан табылар.