10.09.2023
  83


Автор: Шөмішбай Сариев

Сәлем ұлы Мақтымқұлы Еліне!

Құдамыз Жүсіп мырзаға Автордан!
Жер бетінде талай-талай жер көрдім,
Ашхабатты көріп алғаш тербелдім.
Сәлем ұлы Мақтымқұлы Еліне,
Тұңғыш рет табан тіреп мен келдім!
Жүр екенмін бұл қаланы мен көрмей,
Көру қиын бұл қаланы тербелмей.
Аңыз-сынды ақшаң қандай Ашхабад,
Алдан шығып құшағына енгендей.
Өзіне тән салтанатты сәнімен,
Туған ұлтын сүйіп отты қанымен.
Сапармұрат Ниязовтай перзенті,
Салған екен бұл қаланы жанымен.
Патша болды Сапармұрат, ал патша,
Дос бола алмас туған ұлттың бәрімен.
Патша болсаң шаһар салу рәсімі,
Келе жатқан дәстүр-салт қой әріден.
Бұл шаһарға жүрегімен қолды артып,
Тыңдағанды тебірентіп, толғантып.
Жүсіп құдай мақтайтыны Ашхабад,
Келген сайын Алматыға жол тартып.
Ашхабадты көрер тұз-дәм кез жетті,
Көтереді аспан түріп сөз көкті.
Құдамыздың мақтайтыны расында,
Бекер емес екеніне көз жетті.
Деді ме екен ғасырыма жол салам,
Қала үшін күрескен ғой сонша адам.
Ашхабадпен амандастық біз түнде,
Жұлдыздардың ортасында қоршаған.
Ежелгі қарт, бүгін әрі жас қанат,
Биіктедің мрамордан тас қалап.
Менің осы жүрегімде жыр болып,
Сол заматта еніп кеттің Ашхабад!
Түрікменнің басындағы сең-сеңі,
Салтанатты үйлерің бар еңселі.
Ашхабадпен амандастық біз түнде,
Жұлдыздардың ортасында қоршаған.

24-25 желтоқсан 2010 жыл
Алматы шаһары.


 





Пікір жазу