10.09.2023
  148


Автор: Шөмішбай Сариев

Тәуелсіздік таңы

Тәуелсіздік таңы,
Қазағымның бағы.
Төрт құбыла түгел,
Жанған жарық шамы.
Тәуелсіздік таңы,
Қазағымның жаны.
Бостандықта халқым,
Бақытты бір шағы.
Тәуелсіздік таңы,
Ар-ожданы ары,
Қазағымның зары,
Бар бақыты бәрі.
Тәуелсіздік таңы атты,
Қыран қақты қанатты.
Орнатты елім өзіне,
Пейіш жұмақ жаннатты.
Қазағыма, халқыма,
Тәуелсіздік таңы атты!

26 қаңтар 2011 жыл
Астана қаласы.





Пікір жазу