10.09.2023
199
Бүгін бірінші ақпан
Бүгін бірінші ақпан,
Өлең қанатын қаққан.
Арман – болашақ шақтан,
Жүрек жылуын тапқан.
Бүгін бірінші ақпан,
Үйім от-пенен жаққан.
Аяз мұздардан сақтан,
Аяз ызғардан сақтан.
Бүгін бірінші ақпан,
Боран құлындай шапқан.
Жота жылынбай жатқан,
Өзен бұрылмай аққан,
Бүгін Бірінші ақпан!..
1 ақпан 2011 жыл
Алматы шаһары.