Аппақ қырлар аспан берген несібе
Аппақ қырлар аспан берген несібе,
Мезгілінен жауса дағы кешіге.
Жауды дейсін шежіредей шешіле,
Қыс айының ілескендей көшіне.
Дүниенің жақсысы бар, жаманы,
Көкжал-қасқыр қиялымен қабады.
Аппақ қардың астындағы жемдерді,
Тұлпар атты тұяғымен табады.
Жер үстінің жемі қайда кетті деп,
Қатқан қырды жылқылар жүр тепкілеп.
Олай-бұлай көкжалдар жүр шапқылап,
Өңменімнен ызғар аяз өтті деп.
Осы бір шақ күн шуағы шашылды,
Қасқыр-көкжал желіктері басылды.
Алдарынан азық құрғыр табылмай,
Сонда дағы дүниеге ашынды..
Ал, тұлпарлар қасырларға іңкәр ма,
Жүйрік тұяқ жерді тырпып шырқар ма?
Үйір-үйір жылқылар жүр жайылып,
Қасқырлардың ойы бірақ тұлпарда.
Алдан шығып туа берсін күнің-ай,
Бір-бірінсіз тұра алмастай бірің-ай.
Қапияда бірін-бірін аңдытып,
Бір-біріне іңкәр қылған дүние-ай.
20 наурыз 2014 жыл
Алматы-Астана сапары
«Бәйтерек» поезды