10.09.2023
  67


Автор: Шөмішбай Сариев

Ай, өмір-ай, өмір-ай!..

Ай, Өмір!
Жеткізбейтін жүйріксін.
Өмірдегі тұлпарым,
Көгімдегі сұңқарым,
Олай-бұлай құйғыпсын.
Өмір сенің жолыңда
Бір Алланың қолында,
Тағдыр-Ажал бұйрықсың!..
Ай, Өмір!
Ұшқан биік лашынсын,
Жыр-әнімсің жыр әнім,
Қыранымсың қыраным,
Өмір шіркін асылсын.
Мөлдір бұлақ тұнғанда,
Рахат-ләззат тұрғанда,
Қайтіп жүрек басылсын!
Ай, Өмір!
Қасқағымсың қасқағым,
Жалғыз жүрек – мына мен,
Жұмбақ әлем – бұл әлем,
Шетсіз-шексіз аспаным.
Берген бақыт басқа мұң,
Аяқтамай бастадым,
Шаттық екен шашқаның.
Қайырмасы.
Ай, Өмір-ай,
Аспан-көкті өмір-ай.
Осынау жалғап жермен арасын,
Ай, Өмір-ай,
Өмір-ай!
Қарайламай барасын!
Бар бақытты осынау,
Абайламай қаласын,
Ай, Өмір-ай,
Өмір-ай!

24 наурыз 2014 жыл
Астана-Алматы сапары
4 поезд, 9 вагон.





Пікір жазу