10.09.2023
  40


Автор: Шөмішбай Сариев

Ұлылық

Сәлем-өнер, әлемдері бас қосқан!
Әр тараптан әр елдері бас қосқан!
Мадрид сен де ұлылардың ұлылары бас қосқан,
Корольдердің королдері бас қосқан!
Сан бір тарих шежіресің, Мадрид!
Ғажайыптармен кезігесің, Мадрид!
Ұлы ойлармен оянасың өмірде,
Қалың оймен көз ілесің, Мадрид!
Мадрид боп, Мадрид қой тұрысың,
Әлемдегі нар-пілдердей ірісің,
Төрт құбыла тоғысқандай ұлы ісің
Сен Астана болмасаң да ұлысың!
Тек өзіндік жолдарыңмен ұлысың
Тіл үйірген толғамыңмен ұлысың
Бүкіл әулет орманыңмен ұлысың,
Сен Мадрид –
Испан Елі болғаныңмен ұлысың...

Мадрид
5 маусым 2014 жыл





Пікір жазу