10.09.2023
  90


Автор: Шөмішбай Сариев

Жерорта теңізі

Теңіздер толқынымен толқындаспын,
Дүние-ай өзіңменен тең құрдаспын,
Ұлы Арал теңізімді еске алумен,
Жерорта теңізімен мен сырластым.
Жағалау бойындағы жоқ қатырып,
Толқынын тұңғиыққа тек батырып,
Ұлы Арал теңізімдей буырқанған,
Жер орта теңізі де көкке атылып.
Мынау бақыт тұнған әлем жарықтай.
Ақ шағала ұшып көкте қалықтай,
Жерорта теңізінде шомылдық,
Тынық мөлдір айдынында балықтай,
Жағалауда мұнартады таулары,
Сонадайдан жанарыңды аударып,
Жерорта теңізінде шомылып,
Испан жері аққұмында аунадық.
Бір-біріне көзін салып қарайлап,
Бір бақытты сыйлағандай талайда,
Адамдардың басын қосқан сан елдің,
Осынау бір көгілдір ел – Салойда.
Талай ұлттар қадам басқан із көрдік,
Ұқсамайтын сан алуан жүз көрдік,
Жер ортасы атанған бұл теңізге,
Барселонның қаласына біз келдік.
Ақша бұлттың ақ шудасын
Аспан үстін жүрегіме отан ғып,
Түркі елінің үстіндегі бұлттармен,
Испан Елі – біздер саған бет алдық.
Түрік елін өз елімдей қимадық,
Қандай жақсы құшағына сыйғаның,
Испан Елі атың, әлем жарғанмен,
Бір мен үшін бір елсің ғой беймәлім.
Адам деген көрмегенге ұмтылмақ,
Аспан жолы арасынан сыр тыңдап.
Келе жаттым бір өзіңді ойлаумен,
Испания Испан елі бір жұмбақ.
Жаздым, жаздым қолдан келген жырларды,
Танытам деп дүниеге тұлғамды,
Жолаушылар арасынан көрсетті,
Мынау нағыз испандық деп,бір жанды.
Испан жері, Испан болған отаны
Сұлу екен, сымбатты екен жоталы,
Испандық деп көрсеткен сол бір жан,
Өзінен де ұзын екен сақалы.
Жүрек тұнған қандай екен сарайы.
Испан болып өткен шығар талайы,
Испандық деп көрсеткен сол бір жан,
Өзінен де биік екен самайы.
Тарих болып әрбір қадам басқаны,
Қолдап демеп, қолдап мені аспаны.
Испания Испан деген халықты,
Сол адамды көруменен бастадым,
Қазақ болып жаратылған жүрегі,
Адамзатқа арналған ғой тілегі.
Келдім саған алғаш рет, тұңғыш мен,
Қарсы ал мені, Испания – ұлы Елі!

4 маусым 2014 жыл





Пікір жазу