10.09.2023
  138


Автор: Шөмішбай Сариев

Сәулет - өнер

Ғасырды айтып,
Тастар сөйлеп тұрады,
Жұлдызды айтып,
Аспан сөйлеп тұрады
Күннің жанып сәулесі,
Түннің жанып шырағы.
Астасқандай шексіз-шетсіз аспанмен
Астасқандай асу биік асқармен
Испания шежіресі тас мүсін
Өз тарихын жазған мәңгі тастармен.
Тас мүсіндер тербейді,
Ішкі сырын ашып айта бермейді
Әрбір тасы – Испания жүрегі,
Әрбір тасы – Испанияң – «Мен» дейді.
Тәңір беріп, түскендей-ақ ой көктен,
Тасты қашап, зәулім сарай салумен,
Сәулетшілер әрбір тасты сөйлеткен.
Жайнап салып ұлтыңыздың шырағы
Өлең болып тұлпар өнер пырағы,
Бізде бірақ...
Алатаудың өзі сөйлеп тұрады.
Сәулет деген сол бір өнер келмейді,
Алыс сапар бастаса да Жол мейлі,
Бізде бірақ...
Даламыздың ақ құмдары сөйлейді.
Сәулетімен көкке қолы жетпес пе ед!
Бұл бір жолда таланттылар от кешпек,
Күн мен тасын сәулетшілер сөйлетсе
Тау биіктеп, Дала кеңіп кетпес пе ед?!...

9 маусым 2014 жыл


 





Пікір жазу