10.09.2023
  67


Автор: Шөмішбай Сариев

Ақыны боп қазақтың...

Бақыт Амангелдіұлына...
Автор.

Жолдар деген тартылады жан-жаққа,
Тағдыр деген шашылады әр жақта,
Мадридте біз сырластық Елшімен,
Испандар да тұтқын бопты «Карлагта».
Көрдіңіз бе тағдыр биік адамнан,
Әрбір тағдыр басталады қадамнан.
Елінде емес, байтақ қазақ жерінде
Испан болып мұңдар тамған жанардан!
Салмақтасып тағдыр деген тегін бе,
Ойға оралмас сапар шектім өмірде.
Испан елін көрем деген ойда жоқ,
Мен де жүрмін ұлы испан Елінде.
Таңырқатып жүрегіміз таңды ұзын,
Испандардың гүлге оранған бар қызын,
Мадридте, Барселонда, Салойда
Ізім қалды, ұмытылмас қалды ізім.
Айналайын әсер етсе саған да,
Испан жұрты әсер етті маған да.
Әр көшесі айналғандай тарихқа,
Испан елі жыр жаздырды табанда!
Жырымменен дүниеге дем берем,
Әрбір жырды қазағыма ем көрем
Қазағымның бір ақыны мен болып,
Бүгін, міне, Барселонда мен келем!

7 маусым 2014 жыл
Барселон





Пікір жазу