10.09.2023
  82


Автор: Шөмішбай Сариев

Жанардағы көз жасым – лирика...

Саған басты игенім,
Өзің болдың сүйгенім,
Бар бойымды биледің -
Лирика
Махаббаттан туса адам,
Аңқам кеуіп сусаған,
Ғашық екем бір саған-
Лирика
Бұған аспан күн куә,
Жұлдызды айым түн куә,
Сенен басқа кім куә -
Лирика
Куә бұған өз басым,
Қолым саған созғасын,
Жанардағы көз жасым -
Лирика
Жүректегі жыр-әнім,
Екі көзім шырағым,
Мөлдір таза бұлағым -
Лирика
Шыққан биік шыңдарым,
Тәңір сыйым-жұмбағым,
Өмірдегі бір бағым -
Лирика…





Пікір жазу