meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2023
  139


Автор: Шөмішбай Сариев

Лирикамсың сен менің

Лирикамсың сен менің,
Бүршік гүлдей нәзігім,
Жүрегімнің сазы мұң,
Құс жолында адасқан,
Менің алтын қазығым.
Лирикамсың сен менің,
Жүрегімді тербедің,
Дертім болып меңдедің,
Бұрын соңды осылай,
Ғашық болып көрмедім.
Лирикамсың сен менің,
Аққу айдын көл ме едің,
Бір басылмас шөл ме едің,
Ессіз саған ғашықпын,
Лирикамсың сен менің...





Пікір жазу