10.09.2023
103
Бұл өмірде бақыттан тербелемін
Бұл өмірде бақыттан тербелемін,
Мен бұрын бұл өмірді көрмеп едім.
Көп пе әлде, аз күн бе өмір сүрдім,
Шығатын кезім келді төрге менің.
Көп отырдым өмірдің төрлерінде,
Бекер емес,
Дүние келгенім де.
Бұл өмірден аз емес алғанымда,
Бұл өмірге аз емес бергенім де!
Бұл өмірде мен қатты шөлдедім де,
Бұл өмірде еленді еңбегім де,
Өлең маған дос болды бала кезден,
Өмірдің өлең жаздым жөргегінде.
Еркелетіп оынау өмір аз күн,
Туған жер! Қазынамды сенен қаздым.
Балапан іңгалаған даусымменен,
Жарысып бұл өмірде өлең жаздым.
Тіршіліктің өзені ағар тыңдап,
Таңырқайтын өмірге жанар сымбат.
Есейгенде балалық қоштасса да,
Өлеңнің балалығы маған қымбат.
Баладай кейде жылап, кейде қүлер,
Айналайын осынау өмір – жұмбақ!
17 шілде 2012 жыл
Алматы – Лондон сапары
Ұшақ үстінде жазылған