10.09.2023
88
![](/uploads/shorttexts/author_image/sariev-sh-mishbaj.jpg)
Лондонның көпірі
Қандай жұмақ нұр бар ең,
Қандай жұмбақ сыр бар ең.
Лондонның көпірі –
Таңырқаған күллі әлем!
Арбайтындай жанарды ап,
Жатқандайын ғаламды ап,
Лондонның көпірі –
Таңырқап тұр Адамзат!
Арылса егер сорынан
Адамдардың жолынан,
Бір Алласы қолдаса,
Не келмейді қолынан!
Адам біткен елбектеп,
Табынады жер-көк деп.
Тастан шілтер тоқиды,
Әрбір тасын өрнектеп.
Тәңір сыйлап оқыды,
Адам да – Алла өкілі.
Құдіретін танытқан,
Лондонның көпірі!
20-21 шілде 2012 жыл
Лондон шаһары