10.09.2023
  61


Автор: Шөмішбай Сариев

Дауылға желтоқсанның желі айналды

Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болар деп,
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда,
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
Тербетіп толқын-сезім бойды алып бір,
Тау шыңын – ызғарлы мұз ой қарып тұр.
Желтоқсанның желінен айыға алмай ,
Алатау әлі күнге ойланып тұр!..





Пікір жазу