10.09.2023
  87


Автор: Шөмішбай Сариев

Жер көрінді аспаннан жер көрінді

Жер көрінді аспаннан жер көрінді,
Жерден осы бір ыстық шөл көрінді.
Ұмытпау үшін дағы туған жерді,
Ұмытпа бұл өмірге келгеніңді.
Тербеткен тіршілікті Жер анамыз,
Жер болмаса, біз қайдан келе аламыз.
Өтсе де тіршілікте нелер аңыз,
Өмірді өрнектеген өнер-абыз.
Жер көрінді аспаннан жер көрінді,
Дүниенің бақыты тең бөлінді.
Тірліктің жақсылығын ұмытпа сен,
Ұмытпа Ана сүтін емгеніңді.
Еске сап осы жерде келгеніңді,
Еске сап Ана сүтін емгеніңді.
Аспанда ұшақпенен келем ұшып,
Ақша бұлт ар жағынан Жер көрінді!...

17 шілде 2012 жыл
Алматы – Лондон сапары
Ұшақ үстінде жазылған өлең





Пікір жазу