08.09.2023
110

Сұлу көздің қарашығы – лирика
Сұлу көздің қарашығы – лирика,
Таңда түскен дала шығы – лирика.
Елжіреп жан езілгені – лирика,
Ғашық жүрек сезімдері – лирика.
Ару қыздың шолпылары – лирика,
Асау теңіз толқығаны – лирика.
Толқын-толқын жарысқаны - лирика,
Өзен-дария ағыстары - лирика.
Дүрсілдері жүрегімнің – лирика,
Қас қағымы ұлы өмірдің – лирика.
Көз алдымда шексіз ғалам – лирика,
Мейірім жауған сенсің Анам – лирика!
14 желтоқсан, 2012 жыл.
Астана қаласы.