08.09.2023
  72


Автор: Шөмішбай Сариев

Қарасаз

Мұқағали Мақатаевқа

Ауылың алыс күн жүрер,
Бауыры шалғай түн жүрер.
Сендей ақын тумаса,
Қарасазды кім білер.
Шалғын майса, гүлді жер,
Ойлы дала, мұңды жер.
Сендей ақын болмаса,
Шалкөдені кім білер?!..
Тауы аспан, Күн тірер,
Шыңдары бар тіл білер.
Сендей ақын тумаса,
Хан тәңірді кім білер?!..
Қайда ағайын, Қарасаз,
Айналайын, Қарасаз.
Мұқағали ақындай,
Бұл қазақтың баласы аз.
Сүйдім сені сол үшін,
Сүйдім сені, Қарасаз!

21 наурыз 2010 жыл





Пікір жазу