08.09.2023
  89


Автор: Шөмішбай Сариев

Бір ел бар...

Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз жұмбақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні.
Сөйлейді тілі бал тама,
Әр сөзі тәтті түгел бал.
Түспеген әлі картаға,
Балалық атты бір Ел бар!..





Пікір жазу