08.09.2023
116
Ата-мекен аман ба екен?
(Елге оралмай қалған Италиядағы Қадыр Сариевке арналады)
Ата-мекен аман ба екен, қарағым,
Елден келген саған, балам, қарадым.
Он тоғызда шетел асып, тағдырмен,
Тауқыметті тоқсан асып барамын.
Бұлдырайды, бұлдырайды сағым боп,
Туған елге сағынумен жанарым.
Ата-мекен аман ба екен, қарағым,
Өзіңменен исі келді-ау даланың.
Орны бөлек, орны толмас, толмайды,
Туып-өскен, туған дала – Ананың.
Тағдыр енді туған жерді жазбас деп,
Іштей тұнып, «Елімайға» саламын.
Қолдан келсе, туған Отан, елде сүр,
Бұл бақытың тәңір берген көл-көсір.
Тағдыр айдап, шет-алыстап мен кетсем,
Басымды иіп, жылап тұрып сұраймын,
Туған елім, туған жерім, сен кешір!