08.09.2023
  83


Автор: Шөмішбай Сариев

Жапония – үрдіс даму үстіндегі ел екен

Жапония – үрдіс даму үстіндегі ел екен,
Тынық мұхит, таулы аймақ жер екен.
Жеті мыңдай адамдардың қонысы –
Қонған ел ғой, Байлық, Дәулет, Берекең.
Көз алдымда Жапон деген көрініс,
Екінші рет түсті біздің жолымыз.
Төрт мың шаршы шақырымға жетпейтін,
Жер аумағы біздің екі облыс.
Айналасы үш теңізде шырағы,
Бір жағында Тынық мұхит тұрады.
Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Ксюсю – төрт арал,
Жапон деген ұлы елдің тұрағы.
Тынық мұхит дүниені тербесе,
Үш теңізі көкке құлаш сермесе.
Әрбір жапон, әрбір жапон жүрегі,
Ішкен асын, қояды екен ел десе.
Әрбір жапон елін, тілін сүйеді,
Ата салты – дәстүрге бас иеді.
Жапондардың поэзия символы –
Фудзи тауы – ең биік тау киелі.
Сол бір тауға әрбір жапон ұмтылған,
Ерте оянып, тау азаннан-құлқыннан.
Табиғатты аялаумен өскен ел,
Жапон халқы – табиғатпен бір туған.
Хиросима-Нагасаки күрсінген,
Бүгін және болашақпен бір сүрген.
Жер бетінде ең бірінші таң атып,
Жапония – ел ғой алғаш күн сүйген.





Пікір жазу