08.09.2023
84
Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты
Жел дегенің ызың қағып сыңсыпты,
Түн дегенің шуағынан тұншықты.
Дидары әсем өрттей жанған қып-қызыл,
Көк жиектен көтеріліп күн шықты.
Әрбір күнім алдан шыққан досымдай,
Көптен бері басымыз бір қосылмай.
Жағасынан өткенде әсем Тобылдың,
Суретке куә болдым осындай!
Өмір мәңгі бірге тұтас өседі,
Айналаңмен адам ғұмыр кешеді.
Жан-жағымда көкорайлы жасыл шөп,
Жер-Ананың жайып қойған төсегі.