Шымбұлақ
Бір бауырым көрсетті алғаш Шымбұлақты,
Кеудемде өлең бұлақ сыңғыр атты.
Шымбұлақ бір ғажайып жер дейтұғын,
Тосқанмын осы сөзге мың құлақты.
Көзбен көру бір басқа естігеннен,
Қырық жылдан көрмеппін пәс тігер ме ең.
Сені көріп мен алғаш, Шымбұлағым,
Бір ғажайып сезім боп басты керген.
Қазынаға кез болған болды іспетті,
Тағдыр ғой талай-талай қол тістетті.
Алматыда қанша жыл жүрсем дағы,
Әйтеуір, Шымбұлаққа жол түспепті.
Бауырым айтсам бұған таң қалады,
Аралаған жан өзі бар қаланы.
Айнала Шымбұлақты таңырқайды,
Бәріне ақын жүрек алданады.
Шырқаса да дүние мың бір әнін,
Ала алмаған әуеннен түн құлағын.
Әдемі ғой, өз-өзінен шырқап салар,
Өлең ғой өзі туған Шымбұлағым.
Осындай ғажайып деп ойлаған кім,
Көргеннен Шымбұлақты тойлап алдым,
Осындай жерлері бар біз қазақтың,
Арманы бар ма екен деп ойға қалдым...