08.09.2023
  67


Автор: Шөмішбай Сариев

Күндердің күні болғанда

Күндердің күні болғанда,
Тосқауыл түсіп жолдарға.
Өрт шалғанда орманға,
Бір Құдайға сыйынып,
Құлдық ұр жайып қолды алға!
Күндердің күні болғанда,
Аптапта ыстық тоңғанда,
Құдайға сыйын толған да,
Жеткізбес жүйрік өмірде,
Адамның көңілі толған ба?!
Жолаушы болсаң – жол қамда,
Қолбасшы болсаң – қол қамда.
Осынау Ұлы жолдарда,
Кім екенін кім білер,
Күндердің күні болғанда!..





Пікір жазу