08.09.2023
  115


Автор: Шөмішбай Сариев

Жалғыздық...

Аспанда – айым, көкте күнім байқаған,
Сезді жаным теңіз толқын шайқаған.
Жалғыз жүрек сенен тауып егізін,
Қош айтысып, жалғыз еттің қайтадан.
Қайық толқып, алыстатты араны,
Қимай-қимай сәл бұрылып қарады.
Тағдыр дауыл көк теңізді тербеумен,
Жалғыз желкен сенен ұзап барады.
Құпиясы ішінде көп жандардың,
Таңырқадым тағдырға осы таң қалдым.
Бірге кетті жүрегіңмен жүрегім,
Жалғыздықтың құшағында мен қалдым.





Пікір жазу