meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.09.2023
  121


Автор: Шөмішбай Сариев

Көктегі биіктермен теңесіп ем

Көктегі биіктермен теңесіп ем,
Желгенде жан-жағымнан жел есіп ең.
Балалық шақ өмірге сапар кешті,
Түйе дейтін жол дала кемесімен...
Нанбайсың ба, білмеймін, нанасың ба?.
Көз қадап аққулардай сан асылға.
Аруана нарлардай шөлдеп жүрем,
Теңіз-дария, өзен-бұлақ жағасында.





Пікір жазу