08.09.2023
94
Амансың ба, көзкөрген
Амансың ба, көзкөрген,
Дүние мынау өзгерген.
Аға ұрпақтар аялдап,
Жас ұрпаққа сөз берген.
Өмір деген ғажайып,
Кеудені кең жазайық.
Ыстық тартты көзкөрген,
Жылдан жылға азайып.
Амансың ба, көзкөрген,
Жол да мынау кез келген.
Сәлемдестім өзіңмен,
Жан жылуын сезгеннен.
Туған жерің – бұл асыл,
Жусаны мен жуасы.
Көзге ыстық көзкөрген,
Жастық шақтың куәсі.
Амансың ба, көзкөрген,
Қиындыққа төзгеннен.
Жүйрік әмір, бұл тағдыр,
Қайда барар безгенмен.
Жастық өтті – мұңайдым,
Өміріме жұбандым.
Жанға ыстық, көзкөрген,
Көріп сені қуандым.