meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.09.2023
  227


Автор: Шөмішбай Сариев

Тау асып, құзар шыңға жеткенімде

Тау асып, құзар шыңға жеткенімде,
Бір ғажап көрініс көрдім көктемімде,
Алатаудың басында қар жауды да,
Нөсерлеп жаңбыр жауды бөктерінде.
Бірің қалып, озасың бірің көштен,
Дүние-ай, неткен жұмбақ дүбірлескен,
Алатаудың басында қарлы қыс тұр,
Етегі көктем болып ғұмыр кешкен.
Ақ бұлттар асқар тауды асып жеткен,
Тіршілік несібесін шашып төккен.
Алатаудың ақ шыңы мұз боп қатқан,
Алатаудың бауыры ғашық көктем.





Пікір жазу