Тақырып
Бәрі осында кәусар, алтын, асыл да,
Хан сарайы ғажап екен, расында.
Ұлы жапон ежелгі елі – Киота,
Тағдыр жазып тұрмын таудың басында.
Сол бір кезде бір телефон шыр етті,
Ең әуелі қобалжытты жүректі.
Жапондағы Болат екен елшіміз,
Қуаныштан ақын жүрек жыр етті.
Тауда тұрмыз, жолы – шыңға өрлеген,
Жұмақ жер ғой ақын жүрек сөйлеген.
Бөке, мынау хан сарайда жүрміз біз,
Өзің айтып қалайда осы көр деген!
Құпия сан бәрін білмес, шүбәм бар,
Сурет бар бірі – аңдамас, бірі – аңдар,
Жеткізуде қиын екен тілменен,
Тәңір сыйы – ғажап қандай храмдар!
Жапондықтар басын иген ізетпен,
Патшалы елдің салт-дәстүрін күзеткен.
Махаббатта салтанатын бір құрған ғой,
Арулары жүз бір келіп, жүз өткен.
Көргенімде осыншама бір күнде
Бәрін айтып, тауыса алман жүз күнде.
Бөке, Сіздің жаз дегенді жаздым мен,
Тапсырмаңыз орындалды Сіздің де!
Бір тәңірім қолдап мені көгімнен,
Жазып шығып, шықтым солай сенімнен
Шыңғыс пенен Ақбар жайлы толғауды,
Кеше түнде жазып біттім, – дедім мен.
Осы сапар Еліңе бір еленші,
Кәусар жырға деген дейін бөленші.
Тақырыптар ойға түсіп, тағы бір,
Телефонды шалып тұрмын! – деді Елші.
Көл – айдынға, таулар шыңға шақырып,
Аһ! Ұрады мұхит толқын атылып.
Жапон жері ортасында мұхиттың,
Шынында, мұхит екен тақырып!