06.09.2023
  76


Автор: Шөмішбай Сариев

Токио шаһары

Кереметті күтем әрбір күнімнен
Сол ғажапты жеткіземін тіліммен.
Жапон жерін алғашқы рет басқанда
Бір ғажайып ғұмыр кештім бүгін мен.
Алдымызда бізді күтіп тұр даңғыл,
Басын иіп, үнсіз күліп сырды аңдыр.
Балық аулап Жақайым мен Жапондар,
Бұл өмірде тартқан екен бір тағдыр.
Бұл сапарда болғаны ғой жолымның,
Жылы суға малынғаны қолымның.
Жақайым мен Жапон елін пір тұтып,
Император қауызында шомылдым.
Жапон елі тағдыр кешкен сатылы,
Өзін-өзі қастерлеуге хақылы.
Бұл бір сәтті суретке түсірді,
Күйеу балам – Бағдат күштеп ақыры.
Мазалады жүрегімді сол бір ой,
Бүгінгі өмір – кешегінің орны ғой.
Император билеген ел тегін бе,
Күллі әлемге Жапон-жапон болды ғой...
Білер мұны бұл өмірге қанығы,
Айтар болсаң асыл сырдың анығы.
Жапондар мен жақайымды жеткізген,
Мұхит пенен теңіздердің балығы.
Ақындарға құдай өзі берген деп,
Ой-мұхиттан құс аулайтын мерген көп.
Теңіз-жүрек, мұхитты аңсап жапонға,
Бұл Жақайым бекер іздеп келген жоқ!


 





Пікір жазу