06.09.2023
99
![](/uploads/shorttexts/author_image/sariev-sh-mishbaj.jpg)
Түн тәтті шапағаттай
Түн тәтті шапағаттай,
Көршілес купедегі,
Қос екі махаббаттай,
Теңізге құя ала ма,
Қос өзен қатар ақпай.
Құс атар мергендердей,
Сезім өрт атар оқтай.
Аймалап жөнеледі,
Өмірде қата жоқтай.
Кеудеңнен итергені,
Соғылған шапалақтай.
Өмірде өмір бар ма,
Түн тәтті шапағаттай.
Көршілес купедегі,
Қос екі махаббаттай...