meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.09.2023
  122


Автор: Шөмішбай Сариев

Поезд бұл заулап аққан

Поезд бұл заулап аққан,
Сезімді жаулап аққан,
Қос жүрек бір купеде,
Ұйқысыз аунап атқан.
Сезімдер қол жетпейтін,
Сонау бір тауда жатқан.
Қос жүрек бір-бірінсіз
Өз-өзі дауға батқан.
Өмір ғой, өмір деген
Поезд ғой заулап аққан...





Пікір жазу