06.09.2023
148
Ғұмыр кешу – жұбаныш
Ғұмыр кешу – жұбаныш,
Бұл өмірдің бағында.
Өмір сүру – қуаныш,
Денсаулығың барында.
Тәңір сыйы – бұл өмір,
Бәріне де қанағат.
Дәурен кешіп сүре біл,
Өмір бізге аманат.
Жақсы болса ұрпағың,
Жақсы ғұмыр кешесің.
Кестеленіп гүл бағың,
Әр күн сайын өсесің.
Болса өмірде достарың,
Өмір зая болмайды.
Қашса өмірде достарың,
Бұл ғұмырда сол қайғы.
Құстар ұшпай көгіңде,
Керуен тартып көш қонбас.
Денсаулықта өмірде,
Артық саған дос болмас.
Қартаюдың жолында
Уақыт еңсе басады.
Денсаулығың жоғыңда
Бақыт аулақ қашады.
Ғұмыр деген уақыт қой,
Уақыт деген он саулық.
Өмір деген Бақыт қой,
Бақыт деген, Денсаулық!