06.09.2023
  91


Автор: Шөмішбай Сариев

Бәйтерек

Қартаяды бәйтерек,
Жан-жүрекке ұқтырып.
Қартаяды бәйтерек,
Еңсе имей тік тұрып.
* * *
Шабыт берер тірегім
Шырқ айналған жұмыр жер,
О, тәңірім, тілегім,
Бәйтеректей ғұмыр бер!
Бәйтерек боп досым-ау,
Ғұмыр кешіп көрейін.
Тіршілікке осынау,
Басымды имей өлейін!..





Пікір жазу