06.09.2023
  88


Автор: Шөмішбай Сариев

Таңғы сурет

Білмеймін ақ таңымның қанша атарын,
Келемін оң болсын деп жол сапарым.
Вагонның терезесі –
суреттей,
Көрдім мен
сол әйнектен
таң шапағын.
Мақсатқа жетем десең – жалғанды қу,
Қиын ғой жүректегі
арманды ұғу,
Ал-қызыл бояуменен
әшекейлеп,
Табиғат – суретші
салған сұлу!
Күн шығып
келе жатыр
көк жиектен,
Табиғат
жүрегімді елжіреткен,
Ғашығым дүниені көзбен көріп
Сүйемін күллі әлемді
мен жүрекпен.
Табиғат жүрегіңсіз оқылар ма,
Еңсесін биік алған шоқылар да.
Қасқағым табиғатты түсіну де
Бұл да бір зердесімен тоқығанға.
Аспан тұр – түрлі бояу,
теңбілденіп,
Қыс-көркем айқасыңа
жер гүлденіп
Алматы – Астананың
сапарында,
Ғажайып сұлулықты
кидім көріп.
Поезда мен келемін тербелгендей,
Табиғат өзі маған нәр бергендей.
Қаһарлы кәрлі қыс та,
бір сәт еріп,
Көктемгі
нәзіктікке жол бергендей.
Өмірлік табиғатпен енді өлеңім,
Өлең-жыр, саған мәңгі
дем беремін.
Қыс-көктем,
кездесуін
мен қызықтап,
Поезбен
жүйткіп-ағып
мен келемін.
Бас иіп жолым болар Тәңір десем,
Болар ма, енді басқа жол іздесем.
Мен сенің Жыршың болып өтем мәңгі,
Табиғат сенен мәңгі қол үзбесем!..





Пікір жазу