06.09.2023
88
Бақыт сені жолықтырған кезім көп
Бақыт сені жолықтырған кезім көп,
Қарсы алдымнан шықтың талай өзің боп.
Бақыт сені қала тұғын танымай,
Өтіп кетер, кейде менің кезім жоқ.
Бақыт сені жолықтырдым сан талай,
Бақыт болған айналайын хал қалай,
Сен де бір кез өте шықтың жанымнан,
Сен де бір кез бақыт едің қалқам-ай.
Бақыт деген осы менің айналам,
Бақыт деген өмір осы жайнаған,
Суығыңа тоңдым талай тоңазып,
Суыңа да күйдім отты қайнаған.
Сездім талай әр ғұмырдың алтынын,
Көрдім талай дүниенің жарқылын.
Аман-есен көзімді ашып дүние,
Бақыт деген мен оянған әр күнім!