meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.09.2023
  119


Автор: Шөмішбай Сариев

Ғашықтық – ол да өнер

Ғашықтық – ол да өнер,
Жүректі толғап енер,
Поездың үстіндегі
Жолаушы жолда келер.
Жығылып, сан сүрініп,
Болмайды ойда нелер?!
Сергелдең сезім бөлініп
Бір ыстық бойға да енер.
Толқыған сезімдерді
Осылай тойда көрер.
Екі адам бойындағы
Сезім боп толғады өнер.
Поездың үстіндегі
Жолаушы жолда көрер...


 





Пікір жазу